Ploom шарттары мен ережелері | Ploom KZ
1. Жалпы ережелер
1.1. www.ploom.kz веб-сайтының (бұдан әрі – «Веб-сайт») әкімшісі «Джей Ти Ай Қазақстан» ЖШС болып табылады (БСН 070440001301, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, В36С0В6, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, «Алматы – Қапшағай» автомобиль жолының 23 км учаскесі, 3-үй). Веб-сайтты басқаруға басқа тұлғалар да (бұдан әрі бірге «Әкімші» деп аталады) қатысуы мүмкін.
1.2. Веб-сайт белгілі бір адамдар тобына арналған. Веб-сайтты пайдаланушылар Қазақстан Республикасының 21 (жиырма бір) жасқа толған, әрекетке қабілетті, темекі өнімдерінің және (немесе) никотин бар өзге де өнімдердің тұтынушылары болып табылатын, Веб-сайтта тіркеуден өткен не болмаса Әкімші тарапынан Веб-сайтқа өзге тәсілмен қол жеткізу алған азаматтар ғана бола алады (бұдан әрі – «Пайдаланушылар»).
2. Веб-сайтта тіркелу тәртібі
2.1. Веб-сайтқа тіркелу үшін тіркеу нысанының барлық өрістерін толтыру қажет. Веб-сайтта тіркелу үшін ұсынылатын ақпарат толық және дәйекті болуы керек. Әкімші кез келген адамға себебін түсіндірместен Веб-сайтта тіркеуден бас тартуға құқылы.
2.2. Веб-сайтқа тіркелу арқылы Пайдаланушы:
2.2.1. 21 (жиырма бір) жасқа толған, темекі өнімдерін және (немесе) құрамында никотин бар басқа да өнімдерді тұтынушы болып табылатынын растайды және Әкімшіден және ол уәкілеттік берген адамдардан кез келген байланыс құралдарымен кез келген ақпаратты және кез келген мүлікті алуға келіседі, сондай-ақ оны суретке түсіруге және бейнеге жазуға, сонымен қатар оның аты мен кескінін пайдалануға, оның ішінде кез келген тәсілмен, кез келген аумақта, өтеусіз негізде және белгісіз мерзім ішінде жариялау, көбейту және тарату арқылы пайдалануға өзінің келісімін береді;
2.2.2. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V ҚРЗ Заңына сәйкес Әкімшіге және ол уәкілеттік берген адамдарға Пайдаланушыны хабардар етпей Пайдаланушының дербес деректерін келесі мақсатта жинауға, өңдеуге, пайдалануға, жинақтауға, бұғаттауға, иесіздендіруге, жоюға, сақтауға, таратуға (оның ішінде жалпыға қолжетімді көздерде), сондай-ақ трансшекаралық беруге (оның ішінде өңдеу барысында) және үшінші тұлғаларға беруге келісімін береді: 1) 21 (жиырма бір) жасқа толған, темекі бұйымдарын және (немесе) құрамында никотин бар басқа да өнімдерді тұтынушылардың дербес деректерін қамтитын кез келген нысандағы дерекқорды құру және жүргізу; 2) жоғарыда аталған тұтынушыларға кез келген ақпарат пен кез келген мүлікті кез келген байланыс құралдарымен беру және олардан алу. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге жоғарыда көрсетілген келісім белгісіз мерзім ішінде қолданылады.
2.3. Веб-сайтқа тіркелген кезде әр Пайдаланушыға тек бір есептік жазба беріледі. Бір Пайдаланушының бір есептік жазбадан артық пайдалануына жол берілмейді.
2.4. Пайдаланушының Веб-сайтта тіркелуі және Пайдаланушының Веб-сайтты одан әрі пайдалануы Пайдаланушының осы Шарттармен, оның ішінде олардың барлық кейінгі өзгерістері және толықтыруларымен танысуын және толық келісуін білдіреді.
2.5. Пайдаланушы веб-сайтқа кіру үшін пайдаланылатын өзінің логині мен құпиясөзін үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес. Пайдаланушының логині мен құпиясөзін үшінші тұлғалар пайдаланған жағдайда, Әкімші пайдаланушының есептік жазбасының қолданылуын тоқтата тұруға немесе мүлдем тоқтатуға құқылы. Пайдаланушы Веб-сайтқа кіру үшін қажетті логин мен құпиясөз сақталуын қамтамасыз етпегені үшін, сондай-ақ үшінші тұлғалардың логині мен құпиясөзіне рұқсатсыз қол жеткізгені үшін дербес жауапты болады. Пайдаланушының логині мен құпиясөзін қолдана отырып жасалған кез келген әрекетті Пайдаланушының өзі жасаған деп саналады. Пайдаланушының логині мен құпиясөзіне рұқсатсыз қол жеткізу немесе Пайдаланушының логині мен құпиясөзін үшінші тұлғаларға беру жағдайында, Пайдаланушы бұл туралы Әкімшіге дереу хабарлауға міндетті.
3. Пайдаланушының міндеттері
3.1. Осы Шарттарда көзделген Пайдаланушының өзге де міндеттерінен басқа, Пайдаланушы келесіге міндетті болады:
3.1.1. осы Шарттарды сақтауға;
3.1.2. Веб-сайтты басқа Пайдаланушылардың және кез келген өзге үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзбайтындай етіп пайдалануға;
3.1.3. мораль мен адамгершіліктің жалпы қабылданған нормаларын сақтау, басқа Пайдаланушыларға, Әкімшіге және кез келген өзге үшінші тұлғаларға қатысты агрессия мен әдепсіз мінез-құлық көрсетпеу;
3.1.4. келесі ақпарат пен кескіндерді орналастырмау:
1) балағат сөздер, ұятсыз сөздер, соның ішінде басқа Пайдаланушыларға, Әкімшіге және кез келген үшінші тұлғаларға, қандай да бір тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге, сондай-ақ кез келген белгі бойынша қорлаушы және кемсітуші сипаттағы мәлімдемелерге қатысты;
2) жарнама, спам және Веб-сайт тақырыбына сәйкес келмейтін кез келген басқа ақпарат;
3) Әкімші Веб-сайтта болмауы керек деп санайтын кез келген басқа ақпарат.
3.2. Әкімші келесі жағдайда Пайдаланушының Веб-сайтқа кіруін тұрақты немесе уақытша бұғаттауға немесе Пайдаланушыға қандай да бір өтемақы бермей, сондай-ақ мынадай жағдайларда Пайдаланушының қандай да бір шығыстарын өтемей, Пайдаланушының Веб-сайттағы қандай да бір бағдарламаға қатысуын тоқтатуға құқылы:
3.2.1. Пайдаланушы осы Шарттарды бұзған жағдайда;
3.2.2. егер Әкімшіде Пайдаланушы (немесе Пайдаланушының мүддесі үшін әрекет ететін басқа тұлға) техникалық, бағдарламалық немесе өзге құралдарды қолдану арқылы, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген бағдарламалардың ережелерінде көзделмеген өзге де тәсілдермен Веб-сайттағы бағдарламалардың шарттарына қол жеткізуге тырысады деген күдік туындаған жағдайда;
3.2.3. Әкімшінің қалауы бойынша басқа жағдайларда.
3.3. Әкімші Пайдаланушыны оның Веб-сайтқа немесе Веб-сайттағы қандай да бір бағдарламаға кіруін тоқтату немесе тоқтата тұру туралы хабардар етпеуге құқылы. Мұндай Пайдаланушының Веб-сайттағы белсенділігінің қорытындысы бойынша қандай да бір мүлікті алуға талаптануға құқығы жоқ.
4. Әкімшінің жауапкершілігі
Әкімші Пайдаланушылардың Веб-сайтты пайдалануына қатысты қандай да бір шығындары үшін, соның ішінде Веб-сайтты пайдаланумен байланысты жабдыққа немесе бағдарламалық жасақтамаға келтірілген залал үшін жауап бермейді.
5. Жеткізу мерзімдері
Жеткізу мерзімдері алушының өңіріне байланысты айқындалады және мынаны құрайды:
- Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент қалалары үшін – тапсырыс расталған сәттен бастап 3 сағатқа дейін;
- Қазақстан Республикасының өзге өңірлері үшін –
тапсырыс расталған сәттен бастап 5 жұмыс күніне дейін. Жеткізу мерзімдері шамамен көрсетілген және өзгеруі мүмкін.
6. Тапсырысты өңдеу және жеткізу құны
6.1 Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін орналастырылған тапсырыстар рәсімделген күні жіберіледі. Сағат 21:00-ден кейін орналастырылған тапсырыстар келесі жұмыс күні жіберіледі.
6.2 Жеткізу құны тапсырысты рәсімдеу кезінде автоматты түрде есептеледі:
· Тауарлардың жалпы құны 9 000 теңгеден төмен болған жағдайда жеткізу құны 1 500 теңгені құрайды.
· Тауарлардың жалпы құны 9 000 теңгеден бастап болған жағдайда жеткізу тегін жүзеге асырылады.
6.3 Тапсырыс рәсімделгеннен кейін интернет-дүкеннің қолдау қызметі тапсырысты растау және жеткізудің қолайлы уақытын келісу үшін клиентпен байланысады.
Тауарды алу кезінде сұрақтар немесе кідірістер туындаған жағдайда клиенттер ploom.kz қолдау қызметіне немесе 9020 нөміріне (ұялы байланыс абоненттері үшін) хабарласа алады.
7. Тапсырысты төлеу тәсілдері
7.1 Тапсырыс үшін төлем келесі тәсілдермен жүзеге асырылады:
7.1.1. Сайтта онлайн төлем жасау. Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған Visa, Mastercard және UnionPay банк карталары қабылданады.
7.1.2. Қашықтан төлемдер. Kaspi Bank арқылы төлеу үшін шот ұсыну мүмкіндігі қарастырылған.
7.1.3. Алу кезінде төлеу. Клиент тапсырысты алған кезде қолма-қол ақшамен немесе курьерлік қызмет ұсынатын өзге де қолжетімді қолма-қол ақшасыз төлем тәсілдерінің кез келгені арқылы төлей алады.
7. Жауапкершіліктен бас тарту
Әкімші сатып алушы ұсынған ақпараттың дұрыстығына байланысты туындаған кешігулер үшін жауапкершілік алмайды.
8. Тауарларды қайтару
8.1. Пайдаланушы тапсырысты алған күннен бастап 14 күн ішінде, егер тауар өзінің сауда көрінісін сақтап, бастапқы орамасында болып, пайдаланылмаған жағдайда тауарды қайтаруға құқылы.
8.2. Қайтару рәсімі:
8.2.1. Қолдау қызметіне жүгіну. Клиент 9020 нөмірі арқылы немесе ploom.kz сайтындағы кері байланыс формасы арқылы қолдау қызметіне жүгінеді.
8.2.2. Қабылдау орнын келісу. Қолдау қызметі клиентпен тауардың сапасын тексеруге қабылдау үшін ең жақын ыңғайлы Ploom дүкенін келіседі.
8.2.3. Тауарды диагностикалау Ploom дүкенінің қызметкері тауарды диагностикалық тексеруден өткізеді. Зауыттық ақау расталған жағдайда клиентке тауарды алмау немесе төлемді қайтару құқығы беріледі.
8.2.4. Ақшалай қаражатты қайтару. Ақшалай қаражат тапсырыс төленген сол әдіс арқылы қайтарылады.
9. Қорытынды ережелер
9.1. Әкімші кез келген уақытта Веб-сайттың рәсімделуін және (немесе) мазмұнын өзгертуге, пайдаланылған скрипттерді, бағдарламалық жасақтаманы және Веб-сайтта пайдаланылатын немесе сақталатын басқа да объектілерді өзгертуге немесе толықтыруға, Пайдаланушылардың келісімінсіз және оларды ескертусіз барлық немесе жекелеген Пайдаланушылар үшін Веб-сайтқа немесе оның жекелеген бөлімдеріне кіруді бұғаттауға құқылы. Әкімші Пайдаланушылардың Веб-сайтта ұсынылған және пайдалану кезінде ескіруі мүмкін ақпаратты пайдаланғаны үшін жауап бермейді.
9.2. Веб-сайтқа және оның барлық мазмұнына айрықша құқықтар Әкімшіге тиесілі (жекелеген жағдайларда өзге тұлғаларға да тиесілі болуы мүмкін). Пайдаланушылардың осы Шарттарға және Веб-сайттың мақсатына сәйкес келетін өздерінің жеке коммерциялық емес мақсаттарында Веб-сайтты пайдалануын қоспағанда, айрықша құқықтардың тиісті иелерінің алдын ала жазбаша келісімін алмай, Веб-сайтты көшіруге және кез келген өзге де пайдалануға жол берілмейді.
9.3. Әкімші Пайдаланушыларға ескертусіз кез келген кезеңде веб-сайтта техникалық жұмыстарды жүргізуге құқылы, нәтижесінде Веб-сайт Пайдаланушылар үшін толық немесе ішінара қолжетімсіз болуы мүмкін.
9.4. Веб-сайтты пайдалану кезінде Пайдаланушылар ұсынған кез келген материалдар Ұйымдастырушының меншігіне айналады және Пайдаланушыларға қайтарылмайды.
9.5. Әкімші Пайдаланушылармен жазбаша немесе кез келген өзге байланысқа түспеуге құқылы.
9.6. Әкімші Пайдаланушылардың келісімінсіз және оларды ескертусіз осы Шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
9.7. Егер осы Шарттардың қандай да бір ережелері жарамсыз деп танылса, бұл осы Шарттардың қалған ережелерінің жарамдылығына әсер етпейді.


