Темекі жапырақтары дегеніміз не және олар қайдан пайда болады?
Темекі жапырағы туралы сөйлесейік
Бұл ботаниктер nicotiana tabacum деп атайтын өсімдіктің бағалы бөлігі. Темекі жапырағы темекі өнімдерін өндірудің негізі болып табылады және олардың дәмі мен хош иісін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Темекі жапырақтары оларды жинаған кезде өте ірі болатынын білмеуіңіз мүмкін. Олардың ұзындығы — бір метрге, ал ені 50 см-ге жетуі мүмкін.
EVO темекі таяқшаларының ішіндегі нәрсе — бұл жоғары сапалы темекі жапырақтары.
Темекінің пайда болуы және тарихы
Темекі — бұл жай ғана өсімдік емес, бай тарихы мен алуан түрлілігі бар тұтас мәдениет. Темекінің шығу тегі мен оның түрлерін түсіну сізге әрбір темекі тәжірибесінің бірегейлігін тереңірек бағалауға көмектеседі.
Темекінің жапырақтарын алғаш рет темекі өсімдіктері өсетін өңірлерде, мысалы, Солтүстік Американың оңтүстік-батысында, Мексикада, сондай-ақ Оңтүстік Американың кейбір бөліктерінде 12 000-ден астам жыл бұрын шеге бастаған деп саналады.
Ол жерден алғашқы теңізшілер оны бүкіл әлемге таратқан. Мысалы, 1500 жылдардың басында ол Еуропаға — испандық конкистадорлар, ал Жапонияға португалдық теңізшілер арқылы енгізілген. Австралияға ол 1700 жылдардың басында келген индонезиялық балық аулаушылармен кіргізілген. Жол-жөнекей ол Қытайға, Үндістанға әкелінген, олар қазір де темекінің ірі өндірушілері болып табылады.
Темекі түрлері
Қазіргі таңда осы теңізшілердің арқасында темекі бүкіл әлем бойынша 100-ден астам елде өсіріледі. Ал EVO компаниясында біз темекі таяқшаларының бірегей сұрыпталымын жасау үшін 30-дан астам елден тек ең жоғары сапалы темекі жапырақтарын сатып аламыз — жұмсақ және нәзік дәмнен бастап қанық және қарқынды дәмге дейін, сіз өз талғамыңызға қарай хош иіс таба аласыз. EVO темекі таяқшалары мен олардың хош иістері туралы көбірек біліңіз.
EVO темекі таяқшамызда үш темекі түрінің қоспасы бар. Темекінің әр сұрыбы өздігінше өңделеді және үнемі өзгерісіз сапа мен дәмді қамтамасыз ету үшін үлгілер таңдалады:
Вирджиния — кептіру барысында алынатын жарқын жапырақтарымен белгілі, түтінмен кептірілетін темекі, кептіру процесінде қанық дәм алады.
Берли — басқа сұрыптарға қарағанда қанты азырақ, ауамен кептірілетін сұрып, сигареттерге ерекше сипат береді.
Ориентал — қақталған, хош иісі күшті, кішкентай темекі жапырағы, дәмге тереңдік пен күрделілік береді.
Темекі өсімдіктерінің түрлері Вирджиния, Берли және Ориентал сияқты танымал сорттардан бастап, сигарет пен басқа да темекі өнімдерінің өндірісінде қолданылатын азырақ танымал сорттарға дейін ауытқиды, олар соңғы өнімнің дәмі мен хош иісіне айтарлықтай әсер етеді.
Ploom құрылғысында темекіні қолдану
Темекіні қыздыруға арналған Ploom AURA құрылғысында EVO эксклюзивті темекі таяқшаларымыз қолданылады.
Ол Smart HeatFlow бірегей технологиясын қолданып, темекі таяқшасын жұмсақ қыздырады. Таяқша жанбайды, сондықтан түтіні мен күлі жоқ, ал темекі иісі онша сезілмейді.
EVO темекі таяқшаларымыз сигареттерге ұқсауы мүмкін, бірақ оларды түрлендірдік. ActivBlend фирмалық қоспамыз тек Ploom үшін жасалған. Біз темекі жапырақтарын алып, оларды қыздырудың оңтайлы беткі қабатын алу үшін кесеміз, осылайша, сіз қанық темекі дәмінен ләззат аласыз.
¹ Ploom AURA паларының иісі мен сигарет түтінінің иіс қарқындылығын салыстыратын сенсорлық тестілеу нәтижелері бойынша.