• Басты бет
  • Қыздырылған темекі электронды сұйықтыққа қарсы салыстыру

Қыздырылатын темекі таяқшалары немесе электрондық сигареттерге арналған сұйықтықтар

Қараша, 2023

Шылым шегудің баламалары, темекі таяқшалары мен электрондық сигареттерге аналған сұйықтықтар арасындағы айырмашылықты біліңіз

Технология іс жүзінде біздің бәрін жасау тәсілімізді өзгертеді. Ересек темекі шегушілердің темекі дәмінен ләззат алу тәсілі де өзгеретіні таңғаларлық емес. Сигаретті шегуге ұқсас сезімдерді ұсынатын, бірақ қатер әлеуеті төмен өнімдер¹ 50 жылдан астам уақыт бойы темекі әлемінде зерттеулер мен әзірлемелердің алдыңғы қатарында болып келеді.

Нәтижесінде қазіргі таңда көптеген бұйымдарды таңдауға болады: вейп-подтардан бастап темекі дорбаларына дейін және көптеген басқа заттар. Сонымен, егер темекі мен электрондық сигареттерге арналған сұйықтықтар немесе қыздырылатын темекі мен электрондық сигареттерге арналған сұйықтықтар арасында таңдау жасасаңыз, шылым шегудің ең жаңа баламаларын анықтап көрейік.

Қыздырылатын темекі мен электрондық сигареттерге арналған сұйықтықтар арасындағы айырмашылық неде?

Темекіні қыздыру құрылғысы мен электрондық сигареттердің немесе э-сигареттердің арасы жер мен көктей. Екі өнім де шылым шегудің баламасы ретінде жасалған, осымен ұқсастықтары аяқталады. 

Ploom-да енді сигареттермен байланыстыратын жандыру процесі қолданылмайды. Оның HeatFlow бірегей технологиясы темекі таяқшаларын жандырмай, қыздыратын жаңа технологиялар заманын ашты. Сонымен, енді сіз нағыз темекі дәмінен түтінсіз және күлсіз және темекінің аз иісімен ләззат аласыз.² 

Екінші жағынан, сізде енді электрондық сигареттер немесе э-сигареттер бар. Олар темекі шегу көрінісін төңкеріп тастады, өйткені олар арнайы сұйықтықты пайдаланады және темекі жоқ.

Электрондық сигареттерге арналған сұйықтықтар деген не?

Кейде электрондық сигареттерге арналған шырын немесе вейптерге арналған шырын деп аталатын электрондық сигареттерге арналған сұйықтықтар электрондық сигареттерде қолданылады. Оларда өсімдік глицерині, пропиленгликоль және хош иістендіргіш сияқты ингредиенттер бар. 

Э-сигареттердегі ортақ нәрсесі – атомайзер, онда қыздыру көзі және электрондық сигареттерге сұйықтықты жеткізетін білте бар. Э-сигареттің жағдайында, сұйықтық шамамен 100 °C дейін қыздырылады және сіз жұтатын буға айналады – бұл процесс «вейпинг» деп аталатын танымал терминнің пайда болуына әкелді.

Темекі таяқшалары дегеніміз не?

Темекі таяқшаларының түрі таныс. Сүзгісі, темекі қоспасы және қағаз орамасы бар, осымен ұқсастықтары аяқталады, өйткені темекі таяқшалары мен сигареттер мүлде әртүрлі. Біріншіден, темекіні қыздыруға арналған Ploom X құрылғысымен енді сізге оттық немесе көптеген сіріңке керек емес.

Winston таяқшалары тек Ploom үшін дайындалған. Дәннен бастап таяқшаға дейінгі әр қадам темекі тілімшесі қосылған ActivBlend фирмалық қоспамыздың арқасында заманауи түрде темекі хош иісінен ләззат алуыңыз үшін пысықталды.

Сіз Winston таяқшасын темекіні қыздыруға арналған Ploom X құрылғыңызға салған кезде айырмашылықты сезесіз. Түймені бір рет басу арқылы HeatFlow бірегей технологиясы алғашқы ішке тартудан соңғы ішке тартуға дейін темекінің нағыз дәмін ашу үшін таяқшаны 295 °C-қа дейін қыздырады.

Ақырында, бұл процесс айналаңыздағы адамдарға аз әсер ететінін түсіне отырып, сіз өзіңіздің сүйікті темекі дәмдеріңізден ләззат ала аласыз. Яғни достарыңызбен кездескенде сигарет түтіні мен күл тудырмай, сондай-ақ темекінің иісі аз шығатын қыздырылатын темекіден ләззат аласыз².

Егер сіз бұл процесті температурасы 800 °C-қа жететін сигаретті жағу кезінде болатын жағдаймен салыстырсаңыз, онда түтін, ластаушы заттар, күл және, әрине, тұрақты түтін иісі пайда болады.

Темекі таяқшаларының әртүрлі хош иістері

Темекі тілімшесі қосылған ActivBlend фирмалық қоспамыз темекіні қыздыруға арналған Ploom X құрылғысында HeatFlow инновациялық технологиясымен қолдану үшін арнайы жасалды. Қанық қуыру хош иістерінің кең спектрі және темекінің айрықша дәмі осының нәтижесі болып табылады. 

Winston сұрыпталымында 6 айқын темекі хош иісі бар. Сіз өзіңіздің күнделікті сүйікті хош иісіңізді таба аласыз немесе оларды көңіл-күйге сәйкес араластырып, үйлестіре аласыз.

Қыздырылатын темекі электрондық сигареттерге арналған сұйықтықтан жақсырақ па?

Егер қыздырылатын темекі сізге қолайлы екеніне сенімді болмасаңыз, оны білу оңай. Тегін 14 күндік Ploom тест-драйвы үшін сіз есігіңізге дейін жеткізілетін, темекіні қыздыруға арналған Ploom Х әдемі құрылғысын аласыз, осылайша, оны үйден шықпай-ақ сынап көре аласыз. Егер сіз темекіні қыздыруға арналған Ploom Х құрылғысын онлайн тіркесеңіз, тіптен жақсы: сізге көмектесу үшін Ploom клиенттермен жұмыс жөніндегі кеңесшісі хабарласады.Бетіне өтіңіз және сынақ зерттеуін бүгін бастаңыз.

Ploom блогымен танысу

Біздің соңғы жаңалықтарымыз, ақпараттық материалдарымыз және жаңартуларымыз туралы біліңіз.