ЭЛЕКТРОНДЫҚ СИГАРЕТТЕР МЕН ВЕЙПТЕР

Электрондық сигареттер мен вейптердің қандай түрлері болады?

Қараша, 2023

Электрондық сигареттерді вейптерден қалай ажыратуға болады?

Егер сіз ересек темекі шегуші болсаңыз және бір нәрсені өзгерту туралы ойласаңыз, заманауи никотин құрылғыларының айналасында ұсынылатын өнімдердің үлкен таңдауы және жаңа тіл сізді шатастыруы мүмкін. 

Егер сіз темекі шегудің баламаларын қарастырып жатсаңыз және электрондық сигареттер немесе вейпинг сізге сәйкес келе ме деп ойласаңыз, әрі қарай оқыңыз, өйткені біз кейбір терминологияның артындағы мифтерді ашып, сізге ыңғайлы анықтамалар сөздігін береміз.

Біріншісі, барлық электрондық бу бұйымдары іс жүзінде э-сигареттер немесе электрондық сигареттер болып табылады. Уақыт өте келе олар вейптер ретінде кеңінен танымал болды, өйткені сигареттер сияқты түтін емес, жұтатын буды түзеді.

Вейп деген не?

«Вейп деген не?» және «Вейптердің қандай түрлері бар?» сұрақтарына жауап беру оңай: олардың барлығы электрондық сигареттердің түрлері. Бұл құрылғылар жиырма жыл бұрын дерлік пайда болған және кез келген пішіндері мен өлшемдері бар және кейбіреулері басқаларына қарағанда сигареттерге ұқсайды. 

Түпнұсқа электрондық сигареттер «сигалайки» деген атпен белгілі және сигаретке еліктейтін ерекше дизайнымен оңай танылады. Сигареттерге қарағанда, олардың әртүрлі түстері бар. Оларда құрылғыны аузыңызға салған кезде қызатын арнайы сұйықтықты пайдаланылады және сіз дем алатын бу пайда болады. 

Барлық электрондық сигарет түрлерінде немесе вейптерде тиісті сұйықтықтар қолданылады. Олардың ингредиенттері арасында никотин, өсімдік глицерині, пропиленгликоль және хош иістендіргіштер бар. Вейптердің әртүрлі түрлерін немесе электрондық сигареттерге арналған сұйықтықты егжей-тегжейлі салыстыру туралы толығырақ Ploom-ның «Қыздырылатын темекі таяқшалары электрондық сигареттерге арналған сұйықтықтарға қарсы» блогында оқуға болады.

Барлық электрондық сигареттердің басқа ортақ белгілері: оларда жұтатын буды шығаратын аккумулятор, атомайзер және картридж немесе сыйымдылық бар. Бұл бу жандырусыз электрондық сигареттерге арналған сұйықтықты қыздыру арқылы жасалады.

Жандыру емес, қыздыру

Темекіні қыздыруға арналған Ploom X құрылғысы мен оның бірегей HeatFlow технологиясы да буды жасау үшін жылуды қолданады. Жандырмайды, бірақ осымен электрондық сигаретпен ұқсастығы аяқталады.

 

Ploom компаниясы сигареттерге көптеген ұқсастықтары бар, ал электрондық сигареттерге арналған сұйықтықпен ортақ еш нәрсесі жоқ Winston темекі таяқшаларын ғана қолданып қыздырылатын темекі үшін өз бұйымдарын дайындады. Олар нағыз темекіден жасалған және 6 әртүрлі хош иістерімен ұсынылған. Сіз «Қыздырылатын темекі вейпингке қарсы»  блогымызды оқып, олармен жақынырақ таныса аласыз.

Темекіні қыздыруға арналған Ploom Х құрылғысы таза бу шығаратындықтан, түтін мен күл жоқ, ал темекі иісі онша айқын емес, бұл құрылғыны айналадағылар үшін саналы таңдау етеді. 

Электрондық сигареттердің әртүрлі түрлері бойынша қысқаша нұсқаулық

Электрондық сигареттерді немесе вейп-құрылғыларды шартты түрде алты санаттың біріне жатқызуға болады. 

1. Бір реттік электрондық сигареттер – олар аяқталғаннан кейін сіз тастай салатын тұтас құрылғылар (электрондық сигареттерге арналған сұйықтықпен бірге аккумулятор). 

2. Екінші буын электрондық сигареттері үлкенірек, олар сигареттерге онша ұқсамайды, сондай-ақ USB кабелімен зарядтауға болатын аккумулятормен және әдетте шығындалу шамасына қарай ауыстыруға болатын, алдын ала толтырылған картриджбен жеткізіледі.

3. Одан кейін вейп-қаламдар деп аталатын электрондық сигареттер. Олар сигареттерден сәл үлкенірек, ал ең үлкен айырмашылықтары – буды шығару үшін түймені басу немесе ыдысқа сұйықтықты үстемелеп құйып, оларды толтыру қажет.

4. Оларды вейп-подтар ретінде белгілі электрондық сигареттер алмастырады. Олар ықшамдылықты қамтамасыз ету үшін дайындалған және сұйықтығы бар картриджді қайтадан толтыру немесе ауыстыру арқылы толтырылады.

5. Олардан кейін вейп-модтар немесе бокс-модтар бар. Әдетте бұл электрондық сигареттердің барынша тәжірибелі пайдаланушыларының аумағы және оларды олар шығаратын бу бұлтының көлемі бойынша анықтай аласыз. Күрделі және дербес дизайн.

6. Соңында, техникалық модтар деп аталатын электрондық сигареттер санаты бар. Бұл вейптерге арналған әртүрлі шиыршық түрлері болуы мүмкін техникалық дамыған және бейімделетін құрылғылар.

Вейп немесе электрондық сигареттер

Сонымен, егер электрондық сигареттер мен вейптер арасында таңдап жатсаңыз, бұл бір нәрсе екенін ұмытпаңыз. Электрондық сигаретті таңдау сіздің жеке қалауыңызға және сіздің технологияны қаншалықты жақсы білетініңізге байланысты болады. Мыңдаған ұқсас құрылғылардың және электрондық сигаретке арналған сұйықтықтардың соншалықты нұсқаларының арасында өмір бойы дұрыс комбинацияны іздеуге жұмсауға болады.

Ploom X темекі қыздыру құрылғысы нағыз темекіні қолданатын темекі шегудің баламасы ретінде жасалған. Сонымен, егер сіз әлі де ұсынылған опциялар туралы білгіңіз келсе, сізге «Технология стильмен сәйкес келетін Ploom құрылғысын енгізу» мақаласы көңіліңізден шығады деп ойлаймыз. Себебі темекіні қыздыруға арналған Ploom X құрылғысы заманауи пішіндегі темекінің нағыз дәмін ұсынады. Сонымен бірге ол үйде немесе қоғамда айналаңызда болатын адамдарға көбірек қамқорлықпен орындалған, өйткені Ploom Х қыздыру құрылғысын пайдалану темекі шегумен салыстырғанда үй ішіндегі ауаның сапасын қатты нашарлатпайды.

Ploom блогымен танысу

Біздің соңғы жаңалықтарымыз, ақпараттық материалдарымыз және жаңартуларымыз туралы біліңіз.